Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0
19

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес Далабаев Әділбек Қамбарұлы 2018 жылдың 29 маусым айынан бастап, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Instagram

Әділбек Қамбарұлы 1986 жылы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Атқарған соңғы қызметі-Қаскелең қаласының әкімі.

Аудан басшысы Бағдат Байшалұлы Әлиев жаңа қызметіне сәттілік тілеп, сенімін білдірді.

Естеріңізге салар болсақ, Әділбек Қамбарұлы Далабаевқа дейін, аудан әкімінің идеология саласын басқарушы орынбасары Шалтабаев Дастан Тұрарбекұлы Талдықорған қаласының әкімі қызметіне ауысқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ