Жамбыл ауданында құсбегілер жарысы өтті

0
2

 Ауданымызда тарихымызбен тамырлас идеологиялық маңызы зор халықаралық құсбегілер жарысының соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды UZYN. KZ.

Былтырғы жылы Алматы облысында тұңғыш құрылған «Жалайыр Шора» бүркітшілер мектебінің 30 жылдығына арналған «Саят» ұлттық спорт түрлері бойынша «Сонар-2017» республикалық құсбегілер жарысы өткен болатын. Дәстүрге айналған ойынның жалғасы биыл міне біздің ауданда жалғасын табуда.

Мұндай форматтағы мазмұнды шараның ауданымызда өтуі біз үшін үлкен мәртебе, әрі абырой. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру негізінде өтіп жатқан сонарды Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі, Спорт жəне дене шынықтыру комитетінің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының және «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығының қолдауымен Алматы облыстық туризм, дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен «Қыран» федерациясы ұйымдастырып отыр. 


Қандыбалақ қырандардың қызықты жарысқа дүниежүзінің түкпір – түкпірінен бақтарын сынауға келген барлық қатысушы ер азаматтарымызға алғыс білдіріп, жеңістерімен құттықтаймыз! 

Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін құсбегілер жарысы жыл сайын жалғасын тауып, ұрпақтан ұрпаққа үлгі болатын дәстүрлі шара болып қалыптасуына сеніміміз зор!
Ұлы дала елінің болмысы мәңгілік болсын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ