Жамбыл ауданында үш бірдей нысанның ашылу салтанаты болып өтті (фото)

0
9

Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінде үш бірдей нысан ашылды. Аудан басшысы Бағдат Байшалұлы Әлиев пен сол ауылдың тұрғындары және ауыл ақсақалдарының қатысуымен Қазыбек бек бекетінде полицияның тірек пункті, футбол алаңы мен саябақ алаңы ашылды деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Ішкі істер органдары-мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Полицияда қызмет істеу-маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Оларға қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктелетіндік барлық жағдай жасалып отыр.

Полицияның тірек пункті құрылысының бас мердігері- «Бауыр құрылысы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен салынды. Құрылыстың жалпы құны 20 млн. 938 мың теңге құрады. Айта кететін болсақ, өткен жылы-2, биылғы жылы 22 елді мекенде полицияның тірек пункті салынды.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Халықтың тек демалыс орны емес, рухани ләззат алып, серпілетін мәдени мекенге айналдыру мақсатында әдемі бір саябақта ашылды. «Туған жерге туың тік» бағдарламасы аясында «Р-Күрті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Сәбетбек Еркінбайұлының демеушілігімен салынды.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Жалпы құрылыс жұмысына 8 млн. теңге қаражат жұмысалды. Жер көлемі-4 га. Сыйымдылығы-20 адам, 1 гандбол ойын алаңы бар. Сонымен қатар паркте футбол алаңы, балаларға арналған ойын алаңы, 11х6 көлемде подиумды сахна орнатылған.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Ал Футбол алаңына келетін болсақ, заманауи стандарттарға сай спорт алаңы футбол ойынына қажетті құралдармен жабдықталған, бұл футбол алаңының көлемі 40, ені 20 метр. Жұмысалған қаражат сомасы 8 млн. 890 мың теңгені құрайды.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі
Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Бүгінгі тұсауы кесіліп отырған жаңа нысандар құтты болсын. Ауданымыздың көркеюіне өз үлестерін қосып жатқан азаматтарымыз аман болсын. Құрметті ауыл тұрғындары қуаныштарыңыз ұзағынан болып, ауылымыз коркейе берсін.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ