Жамбыл ауданында «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ кеңсесі ашылды (фото)

0
8

Алматы облысының бірнеше аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етіп отырған «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның бүгін ауданымызда Қарғалы ауылдық округінде кеңсесінің ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Ашылу салтанатына аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев бастаған ауданның ақсақалдары мен сол компания өкілдері қатысты.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Атаулы жиында кеңсенің лентасын қию рәсімі өткізіліп, аудан басшысы ауыл тұрғындары мен компания өкілдерін құттықтап, ізгі-лебізін білдірді.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Айта кететін болсақ, жаңадан ашылған кеңсенің басшысы Ерлан Сарсенғалиұлы Аманкусов деген азамат және 31 қызметкер жұмыс атқаратын болады.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ