Жамбыл ауданында ерекше «Жаңа жыл» мерекесі өтті

0
5
Жамбыл ауданында ерекше «Жаңа жыл» мерекесі өтті, деп хабарлайды UZYN. KZ.
Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі/Facebook

Жасыл шырша түрлі ойыншықтармен әрленіп, залдың іші ертегілер еліндегі тамаша кейіпкерлерімен безендірілді.

Шара барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жақсылық Сұлтанұлы келген балаларды, ата-аналарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, балаларға сыйлықтар таратып бүлдіршіндерге баянды бақыт, дендеріне саулық тіледі.

Ертегі еліндегі кейіпкерлерінің киімін киген Медициналық колледжінің студенттері балалармен бірге жасыл шыршаны айналып, би билеп, ән салып, өз өнерлерін көрсетіп кеш көрігін қыздырды.

Балаларға өзінің жүрек жылуын сыйлап қолдау көрсеткен ұжымдарға ата-аналар алғыстарын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ