Жамбыл ауданында кәсіпкер көпбалалы отбасына баспана сыйлады

0
6

Жамбыл ауданының кәсіпкері Темірлан Шайнүсіповтың демеушілігімен салынған үйлердің кілттері көпбалалы аналар мен ауған соғысының ардагеріне «Ақтерек ШҚ»-ның бір қызметкеріне табысталды, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Жамбыл ауданы орталығынан шалғайда жатқан Ақтерек ауылында қуанышты оқиғалар орын алды. Атап айтқанда «Ақтерек» шаруа қожалығының басшысы Темірлан Шайнүсіповтың демеушілігімен салынған үйлердің кілттері көпбалалы аналар мен ауған соғысының ардагеріне «Ақтерек ШҚ»-ның бір қызметкеріне табысталды.

Алғаш болып сөз алған аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев: «Ақтерек менің жастық шағымның өткен жері. Бұл ауылдың тауы да тасы да мен үшін ыстық. Осы киелі мекенде елдің бірлігін бекем етіп отырған Темірландай азаматтың барына қуаныштымын. Темірлан бір өзі осы уақытқа дейін ауылдағы мұқтаж жандар мен шаруақожалығында жұмыс жасайтын азаматтарға 100-ге жуық үй салып берген болса, бүгін біз осы бауырымыздың көпбалалы аналарға деп салған үйлерінің салтанатты түрде табысталу рәсіміне келіп отырмыз. Бір ауылға ғана емес, бүкіл аудан мен облысқа үлгі етер осындай азаматтарымыз көп болып, арамызда аман-есен жүре берсін демекпін!»-деп жылы лебізін білдіріп Темірлан Шайнүсіповке өз алғысы мен ризашылығын жеткізді.

Аудан әкімінен кейін​ сөз алған «Ақтерек ШҚ»-ның басшысы Темірлан Шайнүсіпов: «Бұл жетістікке мен осы ауыл азаматтары арқылы жеттім. Алғаш шаруақожалық құрылған шақта қиын кездерде демеу бола білген ауылдастарыма мен әрқашан қарыздармын. Осы уақытқа дейін шаруақожалық тарапынан ауыл азаматтарына 100-ге жуық үй салынса биыл тағы 8 үйдің кілтін тапсырып, 8 үйдің іргетасын қалап қойсақ деген ниеттеміз. Бұның бәрін мен бос мақтан үшін емес азаматтық борышым ретінде өтеп отқан өтеуім деп қабылдаңыздар. Бүгінгі жиынға арнайы қонақ болып келіп отырған аудан әкіміне де зор алғыс айта отырып, әрқашан бірлігіміз жарасқан бейбіт ел болуымызды Алла нәсіп етсін дегім келеді»,-деп ақтарыла тілек ниеттерін айта отырып аудан әкімі Бағдат Байшалұлы екеуі көпбалалы аналар Айдаркүл Қасенова, Айман Қалабаева, Құндыз Қырғызбайқызы мен «Ақтерек ШҚ»-ның қызметкері Сержан Сейітовке,Ауған соғысының ардагері Жаңабек Байдәулетовке жаңадан салынған үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстап, лентасын қиды.

Сонымен бірге ауылдың мақтанышы мен абыройын арқалаған кәсіпкер Темірлан Шайнүсіповке ардагер ұстаз Күлән Ибрагимова аналық алғысын білдіріп жатса, ауылдық ақсақалдар алқасының​ төрағасы Бекжан Шонарбаев ақ батасын берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ