Жамбыл ауданында кәсіпкерлер форумы болып өтті (фото)

0
12

Жамбыл аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлер форумы өтті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Instagram/Жамбыл аудандық әкімдігі

Форумда алдымен аудан әкімі Бағдат Әлиев ауданның инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Артынан сәйкес тақырыпта видеоролик көрермен назарына ұсынылды.

Фото: Instagram/Жамбыл аудандық әкімдігі

«Алматы облысының өңірлік дамыту орталығының» өкілі — Шлембаев Ерал Төлегенұлы , «Zhetysu Koy» ЖШС (BaumannGmbh&Co.KG) өкілі — Плотников Олег Геннадьевич, «Феникс Фид Миллс» ЖШС өкілі — Нарымбаев Ерік Айдарханұлы, «Granite-industries» ЖШС өкілі — Мухаммед Дауд, «Алматы облысының өңірлік дамыту орталығының» өкілі – Өмірбеков Алмаз Өмірсерікұлы, «Даму кәсіпкерлікті қолдау қорының» өкілі — Тынышбаев Жақсылық Бейбітұлы сынды бірқатар азаматтар сөз сөйлеп, тиісті ақпараттармен таныстырды.

Фото: Instagram/Жамбыл аудандық әкімдігі

Осы тұста айтар болсақ, ауданымыз белсенді дамып келе жатқан аймақ. Соңғы 5 жылда ауданның негізгі көрсеткіштері 4-тен 17 есеге дейін өскен. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2012 жылдан бері 4 есеге, яғни 10 млрд. теңгеге, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 3 есеге, 6 млрд 637 млн. теңгеге артқан.

Фото: Instagram/Жамбыл аудандық әкімдігі

Ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4 есе өсіп, 26 млрд 602 млн. теңгеге көбейген. Шағын және орта кәсіпкерлікте өндірілген өнімнің көлемі 2 есе, яғни 6 млрд 376 млн. теңгеге өсіп, 13 млрд 195 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8,5 есе өсті. Соның нәтижесінде жергілікті бюджетке түскен төлемдер 5,6 есеге көбейген.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді жәрмеңкелерге, көрмелерге, мемлекеттік сатып алу тендерлері мен конкурстарына тарту арқылы шағын кәсіпкерліктің өнімін жарнамалау, өнімді тиімді өткізу шараларына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ