Жамбыл ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті (фото)

0
11

Жамбыл ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің және білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» атты ұранымен өтті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми Facebook парақшасы

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында, бүгін аудан әкімдігінің және білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» атты ұранымен өтті.

Акция барысында аудан басшысы Бағдат Байшалұлы Әлиев сөз алып:

«Балалар біздің болашағымыз. Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақты елімізде толық біліммен қамти алсақ,елдің келешегін ойлайтын балаларымыз, туған елін, жерін, ата-заңын қастерлеп өсетініне сеніміміз мол. Әрқашан сабақтарыңды жақсы оқып, деңдерің сау болсын!», -деген ізгі тілегін жолдады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ