Жамбыл ауданында Сервистік әкімдіктің ашылуы болып өтті

0
164

Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында бүгін, 17 қараша күні Сервистік әкімдіктің ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: UZYN.KZ

Нысанның ашылуында аудан әкімі Бағдат Әлиев алғысөз сөйлеп, баяндама жасады. 

Ол аудандағы осыған дейін жүзеге асырылған нақты қадамдарға тоқтала кетіп, ауданның әлеуметтік қолдау, ауылшаруашылық т.б. қоғамдық маңызды салалар бойынша есеп бере кетті.

Фото: UZYN.KZ

Жиынға аудан әкімі, баспасөз өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы қатысты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Манапов Қобылан Тоқбергенұлы қатысты.

Айта кету керек, жаңа ашылған сервистік орталық 36 қызмет түрі бойынша жұмыс істейді. 

Сервистік әкімдікте мемлекеттік мекемелердің 13 маманы штаттық түрде жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсететін болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ