Жамбыл ауданында жетім балаларды баспанамен қамту тақырыбында дөңгелек үстел өтті (фото)

0
26

8 маусым күні Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Семинар қатысушылары

Аталған дөңгелек үстелді ұйымдастыруға Жамбыл аудандық білім бөлімінің басшысы Бакирова Лайлаш Хамитовна ұйытқы болған.

Семинарға Жамбыл аудандық прокуратурасы, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты қоғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асырушы органдар, жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме өкілелдерінің басшылары, әлеуметтік педагогтар мен қызметкерлері, заңгерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Фото: Семинар қатысушылары

Семинардың мақсаты жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту жұмыстарын жандандыру, оларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыруда жіберілген кемшіліктермен жұмыс істеу, отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметкерге енгізілген өзгерістермен таныстыру, әлеуметтік жетімдіктің алын алу, аталған санаттағы балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру жұмыстарын күшейту болып саналады.

Фото: Семинар қатысушылары

Семинарға жауаптылар қатарында Молотова Алия Максимовна, Сүлейменова Жаңыл Мағданқызы, Қонақбаев Серғазы Тұрсынұлы, Әбсейітов Қайсар Бермырзаұлы, Жүніс Нұрсұлтан Бақытұлы, Нүсіпова Гаухар Қалиақынқызы секілді аудандағы құзырлы органдар қызметкерлері де табылды.

Фото: Семинар қатысушылары

Семинар бағдарламасына Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында тұратын жеті баланы өз қамқорлығына алып, бүгінде тоғыз баланың ата-анасы атанған Кәрібаевтар отбасы үлгісіндегі балалар үйімен танысу да енді.

Фото: Семинар қатысушылары

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ