Жамбыл ауданында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қандай жәрдем беріледі?

0
13

Қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үкімет тарапынан барынша әлеуметтік, материалдық  және рухани қолдау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бұл тұрғыда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы аудандық білім бөліміне қарасты қамқоршылық және қорғаншылық фнукцияларын жүзеге асырушы органы да аудан көлемінде түрлі ауқымды жұмыстар атқаруда. Аталған аудандық орган туралы толық мәліметті оқырман назарына UZYN.KZ ұсынады.

Көрнекі фото: Правмир

Жамбыл  ауданының  білім  бөліміне  қарасты  қамқоршылық  және  қорғаншылық  функцияларын  жүзеге  асырушы  органында  151  жетім және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  бала  тіркеліп тұр. Олардың  19-ы  «Балалар  үйінсіз  Жетісу»  жобасы  аясында  аудандағы  4  отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйінде тәрбиеленуде.

Жамбыл аудандық  білім  бөліміне  қарасты  қамқоршылық  және қорғаншылық  функцияларын  жүзеге  асыратын  органында  аудан  бойынша жетім  және  ата-анасының   қамқорлығынсыз  қалған  151 бала  тіркеліп  тұр.  Бұл  балалардың  91-і  жетім  бала,  ал  қалған 60  бала  ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар. Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  60 баланың  ата-анасының  құқығынан  айырылғандар  саны  12,  ата-аналық  құқығынан  бас  тартқандар  саны – жоқ,  сотпен  еңбекке  қаблеттілігі  шектеулі  деп  танылғандар  саны-1,  бас  бостандығынан  айырлғандар  саны — 8, іздеуде  жүргендер  саны -12.

Жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  151  баланың   79-і ұл,   72-сі  қыз  бала  болса,  оның  ішінде  117  қазақ,  24 орыс  және  басқа  ұлттар  10. Бүгінгі  күні  осы  жоғарыдағы  көрсетілген 161  бала  127  қамқоршы  мен    қорғаншыларының  тәрбиесінде  тұрып  жатыр.

Үкімет  тарапынан  қамқоршыларымен  корғаншыларына    24050  тенге  көлемінде  жәрдемақы  төленеді.  Бұдан  бөлек  аудандық  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен  жыл  сайын  жетім  және  ата-ананың  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  жазғы  сауықтыру  лагеріне  демалуға  жұмыстар  ұйымдастырылады.

Аталған санаттағы   балалардың  барлығын  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  мақсатында  жетім  және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  151   баланың   барлығы  тұрғын  үй  кезеңіне  аудандық  тұрғын үй коммуналдық  шаруашылық  және  тұрғын  үй  инспекциясы  бөлімінде  үй  алуға  кезекте  тұрғызылған.

Жетім және  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  151  баланың     28    баласында   жеке меншікте  тұрғын  үйі  және   үлескерлік  тұрғын  үйлері   тіркеліп   Жамбыл ауданының әділет басқармасымен  кепілдікке (арестке)   қойылған.

8  балада  жер  учаскелері    сақталған. Әр баланың  тұрғын  үйлерін  жылына  екі  рет  тексеру  жұмыстары  жүргізіледі.

Қосымша тағыда  жыл  сайын  ата-аналық құқығынан  айырлғандар,  іздеуде  жүргендер  және  т.б  санаттағы  ата-аналарға  Жамбыл аудандық  әділет басқармасына   жылжымайтын  мүліктері  туралы  мәлімет  сұрау  хаты  жолданып  отырады. Ал  сол  кезде  жылжымайтын  мүлік  сол  көрсетілген  санаттағы  ата-аналардың  атарына  тіркелген  болып  анықталса  онда  дереу  кепілдікке  (арестке)  кою  жұмыстары  жүргізіледі.

Аталған санаттағы  балалардың  тұрғын  үйі  және   үлескерлік  тұрғын  үйлерін  уақытша  пайдалануға (арендаға)  үшінші  адамға  беру  жұмыстары  келесідей  жүргізіледі.

1.Келісім шарт жасалынады

2.Баланың  арнайы  есеп шотына  сол келісімдегі  қаражат салу

3.Қаражаттын баланың есеп шотына салынуын қадағалау

«Балалар  үйінсіз  Жетісу»  жобасы  аясында  ауданда  қазіргі  уақытта  2  отбасы  үлгісіндегі  балалар  үйінде  12  бала тәрбиеленіп  жатыр.  Қосымша 2018 жылы тағыда 2 отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды. Жетім балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған балалардың  өмір  сүру  сапасын  жақсарту  үшін   аталған  «Мейірім»   қайырымдылық  акциясы аясында, Жамбыл  ауданынының мекеме  тәрбиеленушілеріне  Тұрғын  үй  құрлыс жинақ  банкінде жеке  есеп  шоттарын  ашу мақсатында  және сол есепшоттарға қаражатты  толықтыру   үшін  демеушілер  іздестірілу  жұмыстары  жүргізілу  үстінде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ