Жамбыл ауданының әкімі тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

0
13

Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Ермекұлы Далабаев 1 мамыр — Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді. Бұл туралы UZYN.KZ порталы Жамбыл ауданының әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жандарбек Далабаев. Фото: instagram.com/zhambul_audanynyn_akimdigi

«Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді бүгінгі 1-мамыр Қазақстан xалқының Бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл айдың барша азамат үшін асқақ абыройы бар, бірлік пен бейбітшілік біздің елімізде де «Қазақстан xалықтарының бірлігі күні» деп аталып келеді! Бірлік-адамдар арасының жарасымды татулықтың белгісі! Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтай отырып, бейбітшілік пен татулық тілеймін! Бірлігіміз жарасқан Мәңгілік ел болайық! Бейбіт аспан астында ынтымағы мызғымас Ұлы Дала елі болып қала берейік! Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау, еліміз тыныш болсын!» – деп құттықтады Жандарбек Ермекұлы.

Фото: instagram.com/zhambul_audanynyn_akimdig

Ұзынағаш ауылындағы орталық стадионда 2000 адамды құрайтын бірлікті насихаттауда маңызы зор қойылым көрсетіліп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Фото: instagram.com/zhambul_audanynyn_akimdig

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ