Жамбыл ауданының әкімі журналистерді аудандағы ауқымды шаралармен таныстырды

0
205

Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев 17 қазан күні өткен журналистермен кездесу барысында ауданда биыл атқарылып жатқан шаралар туралы айтып, есеп берді, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев

Ауданның мемлекеттік бағдарламалар аясындағы даму қарқыны туралы айтып берген әкім Бағдат Әлиев биыл жүзеге асырылып жатқан маңызды жұмыстар турады кеңінен баяндап берді. 

«Ауданымыз облыс бойынша іргелі аудандардың бірі. Жер көлемі бойынша бесінші орында, халық саны  жөнінен алтыншы орында тұрған облыстағы ауқымды ауданның бірі. Негізінен ауыл шаруашылығы бағытында даму үстінде. 

Қазір президентіміздің алға қойған мақсаты  бойынша «Бизнестің жол картасы» секілді бизнесті дамыту бойынша біраз шаруалар атқарылуда. Сонымен бірге,  «Ауыл — ел бесігі» аясында атқарылып жатқан дүниелер баршылық. Жалпы, осы тұста айтарым: ауылдың түзелуі — азаматына байланысты. Оған өздеріңіз де куә болып отырсыздар. Төрт округтің дамуымен таныстыңыздар.

Биыл ауданға барлық бағдарлама бойынша 11,5 млрд қаражат бөлінді. Салынып жатқан мектептер, «Мәдениет үйі», жасалып жатқан жолдар секілді ауқымды шаруалар іске асуда. Мәселен, Сұраншы батыр ауылындағы балабақшаның салынуы, Мәдениет үйі мен жолдардың жасалуы секілді  дүниелерге 1 млрд 100 млн-ға жуық қаражат кетті», — деді Бағдат Әлиев. 

Аудан әкімінің баяндамасынан үзіндіні төменнен оқи аласыздар:

2020 жылдың 9 айында ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша 60 млрд. 671 млн.  теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады.

Аудан облыс бойынша жылқы, қой мен ешкі, ірі қара өсіруден 1-інші орын, түйе өсіруден 2-інші орын, құс саны бойынша 6-шы орын алады.

Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев және «Табыс» ШҚ басшысы Естибеков Талғат Нұрмолдаұлы

Мал шаруашылығында 2020 жылдың 9 айына 121 мың 527 бас ірі қара, 801 мың 715 бас қой мен ешкі, 37 мың 227 бас жылқы, 1775 бас түйе, 533 мың 822 бас құс есепке кірді.

Аудан бойынша 15 мың 151 тонна ет (100 %), 36 мың 563 тонна сүт (105,8 %), 89 млн. 964 мың жұмыртқа (124,5%) өндіріліп, 2019 жылғыдан асыра орындалды.

Базарбаев Жанғали, Жамбыл ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

Егін шаруашылығында 48216 гектар егістіктен 114 мың 711 тонна астық, оның ішінде 31100 тонна бидай,  79500 тонна арпа жиналды. Сондай-ақ  700 тонна сұлы, 2850 тонна  жүгері, 3990 тонна май бұршақ,  32400 тонна картоп, 31300 тонна көкөніс, 12100 тонна бақша өнімдері алынды.  Қысқы мал азығына 187 мың 800 тонна шөп, 67500 тонна сабан, 34700 тонна жем, 25000 тонна сүрлем дайындалды.

Балғабаев Бауыржан Еркінұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары

Маусымаралық уақытта Алматы қаласы мен аудан халқын көкөніспен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында, жалпы көлемі 11 гектар құрайтын 8 жылыжай жұмыс істеп, жыл бойы 1273 тонна өнім өндірілді.

Биылғы жылы «Финансовый Партнер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шолаққарғалы ауылдық округіндегі 15 гектар жерге жобалық құны 6 млрд. 500 млн. теңге тұратын жылдық қуаттылығы 9 мың тонналық жылыжай кешенін салуды жоспарлауда.

9 айда өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлемі 14 млрд. 639 млн. 300 мың теңге құрап, нақты көлем индексі 105,3 пайыз болды.

Шағын кәсіпкерлік саласында 7592 нысан жұмыс істеп, 30 млрд. 250 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 13345 адам жұмыспен қамтылды. Шағын кәсіпкерліктен бюджетке 2 млрд. 470 млн. теңге түсім түсті.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 14 млрд. 694 млн. 400 мың теңгені құрады.

Аудан бойынша  16 млрд. 746 млн. 800 теңгенің инвестициясы енгізілді.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағдарламасы бойынша ұсынылған өтінімдер саны 35,  оның ішінде 1592,8 млн.теңгеге 25 жоба мақұлданды, жалпы сомасы, 533,6 млн.теңгеге 5 жоба қарастырылуда.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша — 60,0 млн.теңге берілді.

2020 жылдың 9 айында 16 млрд. 234 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары  жүргізілді немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,6 пайызды құрады.

Әкеғұлов Марат Нәбиұлы, Жамбыл ауданының құрылыс бөлімінің басшысы

Аудан бойынша 25429  шаршы метр  тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 100,8 пайызды құрады.

Салық түсімдері 2020 жылдың 9 айына 7 млрд. 555 млн. 450 мың теңге құрап, өсу қарқыны 114 пайызға артты. Оның ішінде республикалық бюджет 106 пайызды, облыстық бюджет 112 пайызды, аудандық бюджет 121 пайызды құрады.

Бюджеттің игерілуі 21 млрд. 696 млн. 541 мың теңге немесе 96,5 пайыз болды.

Білім беру саласы бойынша ауданда 62 орта мектептер бар, оның iшiнде: 46 орта, 6 негізгі орта, 9 бастауыш және 1 мектеп-балабақша бар.

Бакирова Лайляш Хамитовна, Жамбыл ауданы білім беру бөлімінің басшысы

Қосымша білім беру мекемелері бойынша 1 – «Жас ұлан» оқушылар үйі, 1 – Қарғалы ауылындағы балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы, 2 – «Өнер» мектебі, 2 – оқу өндірістік комбинаты жұмыс атқарады.

Мектептердің барлығы интернет желісімен 100 % қамтылған. 1 мен 11-сыныптардағы оқушылар саны – 33 166, 12 545 оқушы компьютерлермен қамтамасыз етілді, яғни 37,7 пайызды құрап отыр.

Білім беру саласында ауданның демографиялық өсіміне, сыртқы миграцияның артуына байланысты ағымдағы оқу жылында үш ауысымды мектептер (Қасымбек, Жайсан, Ынтымақ, Қ.Әбсеметов ОМ және Шолаққарғалы НОМ). саны бесеу.

Ағымдағы жылы  білім мекемелерінің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына 4 344,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – бағдарламасы бойынша 2 191,0 млн. теңге, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 2 153,6 млн. теңге бөлінді.

Қасымбек, Жайсан ауылдарындағы орта мектептерге 300 орынды жапсаржай құрылысын жүргізуге 1 681 млн. теңге, Қызыләскер ауылындағы Ә.Мәми атындағы негізгі орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына  256,1 млн теңге, Қарғалы ауылындағы Қ.Әбсеметов атындағы орта мектепке, Қайназар №1 орта мектепке, Ынтымақ орта мектебінің жапсаржай құрылысына, Ұзынағаш ауылындағы 600 орындық орта мектептің құрылысына жобалық сметалық құжат  даярлауға 176 млн. теңге, Тарғап орта мектебіне, Т.Сәрсенбеков атындағы орта мектепке, Қарғалы №3 орта мектебіне, Қарасу орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық сметалық құжат  даярлауға 25,7 млн. теңге қаражат бөлініп, сметалық құжаттары дайындалуда.

Жайсан ауылындағы орта мектептің жанынан қосымша 300 орындық ғимарат құрылысы аяқталып, 01.09.2020 жылы қолданысқа берілді. 

«Балапан» бағдарламасы бойынша 70 жеке меншік, 16 мемлекеттік балабақша мен 18 шағын  орталық жұмыс істеп, мектепке дейінгі біліммен 8390 бала қамтылды, бұл  балалардың жалпы санының 99,7 пайызын құрайды.

Биылғы жылы: «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Сұраншы батыр ауылындағы балабақшаны қайта жаңғыртуға 256,0 млн. теңге, «Ауыл Ел – бесігі» жобасы бойынша Мыңбаев ауылындағы балабақшаны қайта жаңғыртуға 272,1 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында 1-орталық аудандық аурухана 150 төсектік, 1-аудандық аурухана 50 төсектік, 2-ауылдық аурухана 35 төсектік, 20-дәрігерлік амбулатория, 8-фельдшерлік-акушерлік қосын, 22 фельдшерлік қосын қызмет атқарды.

Оларда  217 дәрігер, 730 орта буын медициналық мамандар халыққа қызмет көрсетуде.

Жыл басынан бері    3292 нәресте өмірге келіп, 2019 жылдың 9 айына қарағанда 234 адамға артты. Қайтыс болғандар саны 782 адам құрады.

1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны  1000 адамға шаққанда  5,77 пайыз болды, ана өлімі тіркелмеді.

Жұқпалы аурулар саны 100 мың адамға шаққанда туберкулез 26,3-тен 23,4-ке  төмендеді, сары ауру 0,6- дан 4,8-ге өсті. бруцеллез ауруы 0,6 пайызбен 2019 жылғы деңгейде қалды.

Үңгіртас және Сарыбай би ауылдарында 735 млн. 22 мың теңгеге дәрігерлік амбулатория салынып жатыр.

Аудан орталығы Ұзынағаш ауылында жаңа үлгідегі, заманауи жабдықталған 100 орындық перзентхана құрылысына республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, нысанды пайдалануға беру биылғы жылға жоспарлануда.

Жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті орган арқылы 2538 азамат жұмысқа орналастырылды, 1100 азамат тіркеуде болды. Хабарласқандарды жұмыспен қамту үлесі 79,6 пайызды құрады.

 Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 156 азамат оқуға жіберіліп, оларға 19 млн. 329 мың теңге төленді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 1057 азамат тартылып, 283 млн. 955 мың теңге еңбекақы берілді, 646 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 151 азамат жіберіліп, 18 млн. 459 мың теңге қаржы төленді, 4 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасынан 105 азамат өтіп, 25 млн.  505 мың теңге еңбекақы алды. 23 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Бастау–бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негізінде 309 азамат оқудан өтіп, 25 азамат 13 млн. 890 мың теңге мемлекеттік грант алды.

 Ауданның мәдениет саласында 17 мәдениет үйі, Жамбыл, Сүйінбай, Үмбетәлі мұражайлары, ашық аспан астындағы «Таңбалы» қорық-мұражайы, 25 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.    

«Сүйінбай сазы», «Ақ әжелер», «Жамбыл ата келіндері», «Асыл әже, ару келін», «Сембаевтар» халықтық фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамбльдері жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы Үлгілі, Мәтібұлақ ауылдарындағы мәдениет үйлерінің құрылысына жобалық сметалық құжат даярлауға 10 млн. теңге қаражат бөлінді.

 Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Сұраншы батыр ауылындағы мәдениет үйін қайта жаңғыртуға 265,8 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

 Спорт саласы бойынша ауданда 2 стадион, 4 спорт кешені, 1 бассейн, 1 ипподром, 68 спортзал, 116 түрлі спорттық құрылғылар жұмыс істейді.

Қолданыстағы спорт алаңын жайғастыруға жергілікті бюджеттен Бесмойнақ ауылына 20 млн. 545 мың теңге, Қарғалы ауылында 20 млн. 545 теңге қаржы бөліп жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық шаруашылық саласы

Жұртшиев Ержан Дүйсебекұлы, Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Коммуналдық шаруашылық саласы бойынша биылғы жылы Самсы, Жайсан, Қопа, Үлгілі, Бірлік ауылдарының ауыз су жүйелерін жөндеуге жалпы сомасы 674 млн. теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілуде. Ақсеңгір, Ұзынағаш, Бірлік, Үлгілі ауылдарына 34 млн. теңгеге ауыз су жүйелерін жөндеуге жобалық сметалық құжат даярлануда.

Ауылдардың тұрғын аймағын электрмен қамтуға Қасымбек, Үмбетәлі, Жаңақұрылыс ауылдарына жалпы көлемі 282 млн. 257 мың теңге қаражат қарастырылды.

Сондай-ақ, Ұзынағаш ауылында 20 арендалық тұрғын үйлерді инженерлік — коммуникациялық желілермен жабдықтауға 177 млн. 940 мың теңге және осы 20 үйдің құрылысына 271 млн. 934 мың теңге  бөлінді.

Журунова Айнұр, Жамбыл ауданы архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Одан бөлек биылғы жылы Ұзынағаш ауылында 60 пәтерлі 5 қабатты 8 тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжат даярлауға 59 млн. теңге, инженерлік — коммуникациялық желілермен жабдықтауға жобалық сметалық құжат даярлауға 78 млн. теңге, Мыңбаев ауылына жаңа тұрғын аймағына инженерлік — коммуникациялық желілермен жабдықтауға жобалық сметалық құжат даярлауға 2 млн. теңге, Ұзынағаш ауылындағы 100 га МРО ықшам ауданының жеке меншіктегі тұрғын үйлер құрылысының инженерлік — коммуникациялық желілермен жабдықтауға жобалық сметалық құжатқа өзгеріс енгізуге 18 млн. теңге бөлінді.

Данияров Алмас Мейрамбайұлы, Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1903 км. Оның ішінде: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 331 км, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 581,6 км, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 79,0 км, ауылішілік автомобиль жолдарының ұзындығы – 911,7 км.

Биылғы жылы жолдарды орта және ағымдағы жөндеуге 1 761,0 млн. теңге қаражат бөлініп, жалпы 52 көшеге 45,2 км орташа жөндеу, 30 мың кв.метрге ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде: «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша  1 048,0 млн. теңге , «Ауыл Ел – бесігі» жобасы бойынша 299,1 млн. теңге, «Өңірлерді дамыту 2025» бағдарламасы шеңберінде 95,6 млн. теңге.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 5 жобаны іске асыруға 1 млрд.  48 млн. теңге бөлінді. Жұмыспен қамтылатындар саны – 266 адам, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы –132  адам.

Жаңақұрылыс, Қайназар, Ұзынағаш елдімекендерінің көшелерін орта жөндеуге жалпы сомасы 976,9 млн. теңге бөлінген, атап айтсақ Ұзынағаш ауылының 9,63 км құрайтын 7 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 358,1 млн. теңге, Жаңақұрылыс ауылының 7,62 км  құрайтын 9 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 285,9 млн. теңге, Ұзынағаш ауылының 26 мың текше метр көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 71,3 млн. теңге, Қайназар ауылының 7,95 км құрайтын 9 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 294,4 млн. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттен Айдарлы ауылының 1,38 км көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 48,2млн.теңге, Аққайнар ауылының 3,76 км көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 95,6 млн.теңге, Тарғап ауылының 4,05 км көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 102,1 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңда  жұмыстар аяқталды. Қарғалы ауылының Қарасай батыр көшесін жөндеу жұмыстарына 31,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 2020 жылы барлығы 1 063 млн.теңгеге 2 елді мекен бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде: Мыңбаев ауылы бойынша жалпы ұзындығы 6,81 км      5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 299,0 млн.теңге, тұрғын үй аймағын электрмен жабдықтауға 223,0 млн. теңге, бала-бақшаны қайта жаңғыртуға 272,1 млн.теңге қаражат бөлінді.

Саурық батыр ауылының ауыз су жүйесін күрделі жөндеуге 268,9 млн.теңге қаражат бөлінді.  Қазіргі таңда  жөндеу жұмыстар жүргізілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ