Жамбыл ауданының атқамінерлері тауда жоғалып кеткен баланы іздеуде (фото)

0
7

Баршаға мәлім, Ынтымақ ауылында жоғалып кеткен баланы іздестіру жұмыстары 14-шілдеден бері жалғасуда деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Ата-ананың қарауынсыз қалған бір топ 6-10 жастағы жасөспірімдер Ынтымақ ауылына қарасты «Кіші саз» жайылымына барар жолда адасып қалған. Көпшілікпен шыққан 2011 жылғы Ернұр Сәдуақас әлі табылмай жатыр.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Абырой болғанда, өзге балалар өздігімен ауылға қайтып келді. Аталған мәселе аудандық құзырлы органдардың басты назарында. Бүгінде іздестіру жұмыстарына 110 адам жұмылдырылды.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Атап айтқанда, құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскерилер мен жергілікті тұрғындар және арнайы машықтанған 3 ит қосылды.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Аудандық атқамінерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда! Осы ретте, құрметті ата-аналар, ұл-қыздарыңызға абай болуларыңызды сұраймыз!

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ