Жамбыл ауданының мемқызметкерлері жүгіруден марафон өткізді (фото)

0
6

16 маусым күні Жамбыл ауданының мемлекеттік қызметкерлері жүгіруден марафон өткізді деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: Instagram/Жамбыл ауданы әкімдігі

Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толып отыр. Кәсіби мерекеге орай ел аумағында түрлі салада, алуан түрлі стандартта іс-шаралар кешені өткізілуде.

Осыған орай, 16 маусым күні ауданның барлық мемлекеттік мекемедегі мемлекеттік қызметкерлері, жалпы саны 150 адамды құрайтын жүгіру шеруі өтті. Спорттық шарада аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ермек Мұсаханов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара соңында барлық жеңімпаздарға мерекелік Алғыс хат пен медальдар табыс етілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ