Жамбыл ауданының полициясы «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды

0
34

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы шеңберінде Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері аудан тұрғындарын қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Ұзынағаш ауылының орталық алаңында өткен іс-шараны Ж. Жабаев атындағы көпсалалы колледж студенттері «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты ұранмен бастады.

Сонымен қатар, қабылдауға келген тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық жауапкершілігі туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Зорлық-зомбылық құрбаны немесе куәгері болған жағдайда хабарласу үшін полиция органы мен Дағдарыс орталығының телефон нөмірлері көрсетілген арнайы әзірленген жадынамалар, буклеттер таратылды.

Кездесу соңында полицейлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері аудан орталығының сауда үйлері мен «Абай-Жапар» базарын аралап, тұрғындарға ақпараттық-насихаттық сипаттағы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

View this post on Instagram

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы шеңберінде Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері аудан тұрғындарын қабылдау ұйымдастырды. Ұзынағаш ауылының орталық алаңында өткен іс-шараны Ж. Жабаев атындағы көпсалалы колледж студенттері «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты ұранмен бастады. Сонымен қатар, қабылдауға келген тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық жауапкершілігі туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Зорлық-зомбылық құрбаны немесе куәгері болған жағдайда хабарласу үшін полиция органы мен Дағдарыс орталығының телефон нөмірлері көрсетілген арнайы әзірленген жадынамалар, буклеттер таратылды. Кездесу соңында полицейлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері аудан орталығының сауда үйлері мен «Абай-Жапар» базарын аралап, тұрғындарға ақпараттық-насихаттық сипаттағы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

A post shared by 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl) on

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ