Жамбыл ауданының тұрғындарының назарына

0
7
Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары!

Мемлекеттік қызметтерді алуда халық үшін қолайлы орта құру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Алматы облысы әкімдігі мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының Жарғысы бекітіліп, өңірлік кеңсесі іске қосылды.
Аталған жоба аясында Агенттік жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат Базарбек Бақытжан Жұмабекұлымен бірлесе жер қатынастарына қатысты семинар өткізілетіндігін хабарлаймыз!

Фото: с Facebook


Осыған орай, Сіздердің семинарға қатысып, жер қатынастары мәселелері бойынша көкейде жүрген сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктеріңіз бар.


Семинардың өтетін уақыты және орны: 2019 жылдың 15 қаңтары сағ.14:00-де Ұзынағаш ауылында, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында.


Барлығыңызды семинарға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ