Жамбыл ауданының жас өнерпаздары шығармашылық фестивальдан жүлдемен оралды

0
19

Қараша айынының басында Ресей Федерациясының Сочи қаласында XXXVI Халықаралық «На творческом Олимпе» атты фестиваль-байқауы өтті. Аталған байқауда Жамбыл ауданының өнер мектебінің оқушылары жүлдемен оралды деп хабарлайды UZYN.KZ.

Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Аталмыш шараға, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен барлығы 300 өнерлі жастар қатысты. Жан-жақтан келіп қатысқан өнерпаздардың ішінен, қазақ елінің абыройын халықаралық деңгейде танытып жүрген қыз-ұлдарымыз құр алақан қайтпай, Алматы облысы, Жамбыл ауданының Өнер мектебінің оқушылары жүлделі болып қайтты. Облыс бойынша Жамбыл ауданы ғана қатысты.

Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Атап кететін болсақ, фортепиано сыныбының оқушылары жеке «Аспапта орындау» номинациясы бойынша Алимтай Айзере, Жанат Жансая ІІ дәрежелі лауреат, Темирболат Дарын, Калимова Еркежан І дәрежелі лауреат, домбыра сыныбының оқушысы Мұрат Азамат І дәрежелі лауреат, флейта сыныбынан Темирбулатова Әлия ІІ дәрежелі лауреат, ансамбльмен орындау номинациясы бойынша Темірболат Дарын мен Темірболатова Әлия І дәрежелі лауреат, хореография сыныбынан «Халық биі» номинациясы бойынша Дулатқызы Ғания ІІ дәрежелі лауреат және ең үздік киім үлгісі марапатына ие болды, драма үйірмесінің оқушысы Алтынбек Асылбек «Көркемсөз» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі лауреат, бейнелеу өнері номинациясы бойынша Жұмабек Ержігіт І дәрежелі лауреат, дәстүрлі ән сыныбынан Бейсебай Нұрәділ І дәрежелі лауреат, вокал сыныбынан Мұрат Аниса, Дүйсеке Мейірлан «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі лауреат атанды.

Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Сонымен қатар, «Салют талантов» шығармашылық бірлестігі, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту және еліміздің мәдени мұрасын сақтауда қосқан үлесі үшін, өнерпаздарымыздың мұғалімдерін Ж.О Ермекбаева, О.К Камилова, А.С Бабаканова, Г.Қ Тажбенова, Е.Қ.Мажен, О.М.Ибраимов, Д.А. сынды азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Осындай өнерпаз оқушыларды оқытқан Өнер ұжымын үлкен жеңісімен құттықтай отырып, «Салют талантов» шығармашылық бірлестігі 2019 жылдың қазан айында өтетін Санк-Петербург қаласына Суперфиналға жолдама берді.

Барша жүлделі болған өнерпаздарымызды алдағы уақытта Суперфиналда асқақабырой мен биік белестерді бағындыруды тілейміз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ