Жамбыл облысы тауларындағы өртті сөндіру кезінде орман қорықшысы қаза тапты

0
2

Өрт сөндірушілер, орман шаруашылығы қызметкерлері және ерікті өрт сөндірушілер құрамы Жамбыл облысындағы шығуы қиын таулы жерлерде өртпен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

5 тамызда, түстен кейін Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесіне  құрғақ шөптің өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жамбыл облысының Өрт сөндіру қызметінің 40 өрт сөндіру машинасы мен 3 техникасы, орман шаруашылығының 35 адамы мен 5 техникасы, ерікті өрт сөндіру құрамасының10 адамы мен 2 техникасы   жұмылдырылған. Тұрар Рысқұлов ауданырның әкімдігі өртпен арпалысып жатқан адамдарға азық-түлік жеткізді.

«Табиғи өртті сөндіру кезінде қайғылы оқиға болды. Ақыртөбе орман шаруашылығының  орман қорықшысы биіктіктен құлап, қаза тапты»,-делінген ТЖК хабарламасында.

«Қазорманавиақорғау» РМҚК мәліметтеріне қарағанда,  Қазақстан территориясындағы жалын шарпыған аумақ 200 гектарға жуық.

Қазіргі уақытта тілсіз жау жалмаған аумақ өрт қайта өршімес үшін үздіксіз бақылауға алынған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ