Жамбылдың 175 жылдығына дайындық қалай өтуде?

0
122

Жамбыл ауданының дамуы бойынша ұйымдастырылған пресс-тур кезінде баспасөз өкілдері Жамбыл ауылдық округіне барып, қазақтың маңдайалды тұлғасы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне барды. Музей директоры және ауыл әкімі UZYN.KZ тілшісіне ақынның 175 жылдығына дайындық қалай өтіп жатқанын айтып берді. 

Фото: Uzyn.kz

Жамбыл ақынның мерейтойы келер жылы өтпек. Алайда дайындық жұмыстары қазірден басталып кеткен. Бұл туралы Жамбыл әдеби-мемориалдық музейінің директоры Жамбылова Салтанат Тезекбаева мәлім етті.

Айтуынша, өңір бойынша қазіргі күні ақынның 175 жылдығына арналған дөңгелек үстелдер, кездесулер, жиындар өткізіліп, насихаттау жұмыстары белсенді түрде өтуде. 

«Қазіргі күні Жамбыл ақынның мұраларын насихаттау барысында бізді өңір-өңірлерде кездесулерге шақырып отыр. Көкшетауға Мәліт Ғабдуллин атындағы музейге, Қызылорда өлкетану музейі шақырып отыр. Ол кісінің туған күні аудан, облыс көлемінде жылда аталып өтеді. Ал қазіргі таңда ұрпақтарымен кездесулер өткізіліп, жамбылтанушылардың еңбектері жариялануда», — деді Салтанат Тезекбайқызы.

Айта кету керек, Салтанат Жамбылова — Жамбыл ақынның тікелей ұрпағы.

Ал Жамбыл ауылдық округінде жасалып жатқан жұмыстар жөнінде ауыл әкімі Мантаев Данияр Ерлікұлы айтып берді.

Фото: Uzyn.kz

«Ауылымызда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша шаралар атқарылып жатыр. Бірлік ауылында 37 адам жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Су құбыры бойынша жұмыстар да 70 пайыз аяқталып қалды. Туризм бойынша Жамбыл ауылына көптеген шет мемлекеттерден келіп жатады. Демалыс күндері 200-300 адамға дейін туристер келіп, музейді аралап, құран бағыштап қайтады.

175 жылдыққа орай ауылды көркейту, аббаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Жамбыл округі болғандықтан көрші ауылдарда жасалып жатыр. Осы мерейтойға орай тұрғындар 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады», — деп уәде берді әкім.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ