Жапониядағы аптап ыстық: 39 адам көз жұмып, 13,7 мың тұрғын ауруханаға жеткізілді

0
1

Жапонияда осы аптада аптап ыстық салдарынан кем дегенде 39 адам қайтыс болды, 13,7 мың адам күн өтіп, ауруханаға түсті. Бұл туралы сейсенбі күні Жапонияның бас өрт сөндіру басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

Бір аптаның ішінде 13 мың 721 адам ауруханаға жеткізілді.

Жапонияның орталық және батыс аудандарында қатты ыстықтың беті қайтар емес.

Мысалы, Гифу таулы префектурасында демалыс күндері термометр бағаны 39 градустан асып, осы жаздағы рекордық көрсеткіш болды. Токиода тіпті таңертең ауа температурасы 33-34 градусқа жетуде.

Былтыр осы елде ыстық салдарынан 44 адам көз жұмып, он мыңдаған адам ауруханаға түскен болатын.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ