«Жастар» саябағындағы Жаңа жыл мерекесі

0
6

Жаңа жыл түнінде Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында Алматы облысының тұрғындары мерекелік театрландырылған көрініске куә болып, Жаңа жылды шат-шадыман атап өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап UZYN. KZ.

Фото: zhetysu.gov.kz

Қар биі, Санта Клаустардың шоуы, мерекелік отшашу мен концерттік бағдарлама ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтарын 2019 жаңа жылымен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

-Құрметті жетісулықтар! Жаңа жыл қарсаңында жер жаннаты Жетісудың көркейіп, гүлденуіне үлес қосқан әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымды айтамын. Келер жыл Елбасының бастамасымен Жастар жылы болып жарияланды. Бұл жастардың өзін-өзі жетілдіруіне, алға нық қадам басып, ілгерілеуіне зор мүмкіндік береді. Жетісулық жастар барлық бастамалар мен жобаларға қолдау білдіріп, оны жүзеге асыруға асталысатынына сенемін. Жаңа 2019 жыл жақсы жаңалықтардың, жарқын идеялардың, қызықты жобалардың, толағай табыс пен жеңістердің жылы болсын! Жаңа жылда баршаңызға бақыт пен молшылық тілеймін! – деді А.Баталов.

Дәстүр бойынша мерекелік бағдарлама жыл сайын өткізілетін қала ғимараттарын жаңа жылдық безендіру конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен жалғасты. Оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. 1 орынға «МарМар» мейрамханасы ие болып, сыйлыққа ноутбук ұтып алса, 2 және 3 орындар Талдықорған медициналық колледжі мен «Нуамар» мейрамханасына беріліп, оларға телевизор табыс етілді. Қаланың тағы 7 мекемесі ынталандыру сыйлықтарын алды

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ