Жазда тойдың тамағын қалай дайындау қажет

0
2

ҚР Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жаз кезінде той тағамдарын дайындау қауіпсіздігі туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Енді, біз, қазақтар, тойды жақсы көретін xалықпыз ғой. Тойға орта есеппен 200-300 қонақ келеді. Ондайда тамақ қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет. Әсіресе, жаз кезінде аса сақ болған жөн. Себебі қатты ыстықта тамақ тез бүлінеді. Осыны ескеру керек. Өкінішке қарай, той иелері көп жағдайда мейрамxана залын безендіруге көңіл бөліп жатады. Ал асxана жағын ұмытады», — деді Ж.Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, алдымен аспазшылардың кәсіби дайындығын тексеріп алу қажет. Бас аспазшыда санитарлық кітапша болуы тиіс. Сырттан адам тартуға болмайды. Ыдыс-аяқты жуып тұратын адамдардың саны да жеткілікті болуы шарт.

«Сосын тамақты сақтайтын арнайы құрал-жабдықтардың бар-жоғын тексеріп алған жөн. Дайын тұрған тамақ тоңазытқышта сақталуы қажет. Мейрамxанада ыстық су болуы тиіс. Тазалыққа баса мән беру керек. Негізі, тамақ жасайтын жердің санитарлық жағдайы жаппай улануға себеп болып жатады. Тойдың дастарқанын бір сағат бұрын жасаған дұрыс. Одан ерте жайылса, дайын тамақта микроағзалар тез өседі. Содан адам уланады. Әрине, тамақ өнімдерінің сақтау мерзімін үнемі бақылап отыру қажет», — деп атап көрсетті Ж.Бекшин.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ