Жеті елдің делегациясы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын мерекелеу үшін СҚО-ға келеді

0
8

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын мерекелеуге Солтүстік Қазақстан облысына жеті елдің делегациясы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фотоколлаж

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша, мерекелік медальдар мен кітаптар дайындалып жатыр.

«Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, АҚШ, Башқұртстан мен Ресей Федерациясының шекаралық өңірлерінен делегациялар келеді. Құрметті қонақтарды күтіп отырмыз — Жазушылар одағының мүшелері, мағжантанушы ғалымдар, ақынның туыстары, гала-концерт қатысушылары — «Мағжан көктемі» республикалық өнер фестивалінің жүлдегерлері шақыртылды», — деді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов.

Мерекелік тақырыптар бойынша үш кітап — «Қазақтың Мағжаны» екітомдығы, «Мағжан Жұмабаев» энциклопедиясы және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Біздің Мағжан» суретті жинағы баспаға дайындалып жатқанын атап өтті. «Бұл кітаптар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да халықаралық конференцияда таныстырылады.

«Қазақтың Мағжаны» екі томдығы 500 дана, энциклопедия — 1000 данамен шығарылады. «Қазпошта» АҚ-мен мерекелік пошта маркаларын шығару мәселесі шешілді. Мерекелік медальдар жасалынып жатыр», — деп атап өтті К.Оспанов.

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Әріпханның ақпараты бойынша, негізгі іс-шаралар өтетін Сарытомар ауылының аумағында этноауыл ұйымдастырылады. 23-25 маусымда Мағжан Жұмабаев ауданында республикалық Мағжан оқулары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

25 маусымда Петропавлда №5 СҚМУ ғимаратының маңында Мағжан Жұмабаев ескерткішінің салтанатты ашылуы болады. Университет базасында отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Мағжан Жұмабаевтың мұрасы және руханият» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жоспарлануда. Іс-шараның соңында «Мағжан көктемі» V Республикалық өнер фестивалі гала-концерті ұйымдастырылмақ.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ