Жетісуда «Туған жер» жобасы шеңберінде 193 жоба жүзеге асырылды

0
4

Алматы облысында «Атамекен» кіші бағдарламасы Жетісуда туып-өскен кәсіпкерлер мен меценаттар тарапынан ұдайы қолдау тауып келеді. Тек қана «Туған жер» арнайы жобасының аясында өткен жылы жалпы құны 17,7 млрд теңге болатын 193 жоба жүзеге асырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың қатарында «Батыр бабалар» мемориалды музейі (465 млн.теңге) мен Тұңғыш Президент — Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы да салынып, іске қосылды.

Бұл орайда әлеуметтік маңызды жобалар да атап өтілді. «BN INVEST» қаржылық-өндірістік холдингі Қарасай ауданы Шамалған ауылында халықтың әлжуаз топтарының қатарындағы отбасыларына 160 млн теңгеге 17 тұрғын үй салып берді. Ал Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылындағы қараусыз қалған саябақ қайта жаңғыртылып, балалар алаңы мен футбол алаңы жасалды.

Бұл іске жоғары технологиялы көкөніс пен жеміс-жидек өсірумен айналысатын «Амал Био» ЖШС жетекшісі, кәсіпкер Асқар Сабиров 30 млн теңге жұмсады. «ABM Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, меценат Азамат Молдақасымов Балқаш ауданында бірқатар іргелі істерге мұрындық болды: бастауыш мектеп, балалар алаңы салынды, ауылішілік жолдар жөнделіп, жарықтандыру жүйелері жүргізілді.

Жалпы алғанда кәсіпкер Бояулы ауылын көркейтуге 650 млн теңгеден астам қаржы құйды. Белгілі меценат, «Жер-Су» корпорациясының президенті Бауыржан Оспанов жастарды қолдау мен бизнесті дамытуға барынша жәрдемдесіп келеді. «Bastau Сamp» семинарының шеңберінде Алакөл ауданында 12 жас кәсіпкердің үздік стартаптары кәсіпкердің 1 млн теңгеге дейінгі грантын иемденді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ