Жетісуда жыр алыбы Жамбылға ескерткіш орнатылды

0
14

Жетісуда жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналып ескерткіш орнатылды деп хабарлайды Хабар 24 арнасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Хабар 24

Сом мүсін ақынның туған жері Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылына қойылды. Ескерткіш «Туған жерге тағзым» қоғамдық қорының қаражатына салынды. Авторы –мүсінші Қазыбек Жарылғапов. Биіктігі 10 метр ескерткіш «Ақындар мен батырлар елі» саябағында орнатылды.

Салтанатты шарада облыс басшылары мен құрметті азаматтар жиналған жұртты құттықтап, ақын рухына тағзым етті. Жамбыл – алты алаштың ақыны. Жыраулық өнерді жалғастырып, соңынан мол мұра қалдырған абыз ақынның аты аңызға, өлеңдері асыл қазынаға айналды.

Бұған дейін Жамбыл атамыздың ескерткіші елімізден тыс Украина астанасы Киевте, Сербия астанасы Белград пен Түркияда да орнатылған.

«Мінекей, рухани жаңғыру деген осы емес па? Еліміз жаңарып, жоғымызды жоқтап, осындай салада барлығымыз атсалысып жатырмыз. Осы «Рухани жаңғыру» кезіндегі бүкіл қазақтың сана-сезімі, салт-дәстүрін жаңартып, соны жүзеге асыра берсек нұр үстіне нұр болар еді», — дейді ауыл тұрғыны Жұмабай Тәжібаев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ