Жезқазғанда мектеп түлегін өлтірген күдікті әлі күнге қамауға алынбаған

0
2

Жезқазғанда қаза тапқан мектеп түлегінің ата-анасы баласын өлтірген адамның қатаң түрде жазаланғанын қалайды. Олар осы мақсатта қорғаушы жалдады. Зардап шеккен тарап күдіктінің әлі де қамауға алынбағанына наразылық білдіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет

«Күдікті кәмелет жасқа толмағандықтан және бұрын-соңды қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандықтан қамауға алынған жоқ. Әзірге тергеу жүріп жатыр, күдікті үй қамақта отыр», — деді қаза тапқан баланың әпкесі Наталья Козлова.

Қайтыс болған баланың туысының айтуынша, күдікті қаза тапқан баланы жәй ғана итеріп қалғанын және ол құлап, басын соғып алғанын айтқан.

«Бізде бірнеше рет басынан соққы алғаны туралы мәйітханадан алынған жазба бар. Дәл қазір Қарағандыға жіберілген сараптаманың нәтижелерін күтіп отырмыз», — деді Н.Козлова.

Еске сала кетейік, таяуда Жезқазған көшелерінің бірінен 18 жасар бозбаланың денесі табылған. Бұл оқиға мектеп бітіру кешінен кейін болды. Қазір полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеушілер сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ