Жол апатынан 47 жастағы әйел көз жұмды

0
0

Қостанай облысында жол апатынан 47 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Minval.az

Оқиға Амангелді ауданындағы Қарасу ауылының маңында болған.

«Жол апаты туралы аудандық ІІБ кезекші бөліміне аурухананың фельдшері хабарлады. Арқалық-Торғай тасжолында «Ауди 80» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетті. Нәтижесінде көлікте отырған 47 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды», — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженар.

Медициналық сараптамаларға сәйкес, көлік жүргізушісі мас күйінде болмаған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы («Жол қозғалысы ережесінің бұзылуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ