Зиянды ыдыс-аяқтар

0
2

Қазіргі қоғамда адамға пайдасымен қоса зияны қатар тиетін заттар аз емес. Оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Әсіресе, ас үй ханшайымдары ыдыс-аяқтарды таңдауда жаңыласпау керек. Оларға кеңес ретінде денсаулыққа зиян ыдыс-аяқтарды ұсынамыз, деп жазады Massaget.kz .

Фото: Планета Ом

Меламинді ыдыстар денсаулыққа 100% зиян

Бұл ыдыстардың денсаулыққа өте зиян екеніне қарамастан көптеп өндіріледі. Ұзын құлақтың айтуынша, өндіруші мемлекеттердің өздері қолданбайды, тек шет елге шығарады. Ол бір қарағанда фарфор ыдысқа өте ұқсайды. Бірақ фарфордан әлдеқайда жеңілдігінің арқасында жылдам ажыратуға болады.

Металл ыдыстар

Мұндай ыдыстарға ыстық сорпа немесе шырын қайнатқан кезде металл иондары бөлініп шығады. Металл ыдыстардың ішіне сызат түсірмеуге, дайын тағамдарды сақтамауға кеңес береміз. Себебі иондар ыдыстағы тамаққа, артынша организмге түсуі мүмкін. Сонымен қатар никель мен хром ионын бөліп шығару қаупі бар.

Алюминий ыдыстар

Зерттеу нәтижесі бойынша, алюминий ыдыс тұзбен, ас содасымен әрекеттескен кезде химиялық қасиетін өзгертеді. Осыған байланысты алюминий ыдыста щи, орамжапырақ, түрлі кисель, компот, бұқтырылған, қуырылған көкөністер, жұқалтыр қағаздағы (фольга) тағам пісіруге болмайды. Ыдысты жасаушы компаниялар бетіне оксидті жабынды қапталатынын айтады. Алайда алюминий иондары бұл жабынды қаншалықты төзімді екеніне қарамастан тамақтың ішіне түседі. Алюминий ағзаға көп мөлшерде жиналып, нәтижесінде созылмалы ауруға шалдықтырады.

Тот баспайтын болат

Оны күнделікті тұрмыста пайдаланған жағдайда тамақ арқылы адам ағзасына аллергия шақыратын никель түседі. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ